Жаңалықтар мен хабарландырулар

"Мен және Корея" викторинасы

15.03.2022

 

Наурыздың 14-18 аралығында, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Шығыстану факультеті, Қиыр Шығыс кафедрасында “Корейтану апталығы” өтеді.
Дүйсенбі, 14 наурыз, “Корейтану апталығының”  ашылуына орай, 1-2 курс студенттерінің арасында “Мен және Корея” атты викторина өтті. 1-2 курс студенттері жеребе бойынша “Тэгу”, “Бом”, “Йорым” және “Сагуа” деп аталатын 4 топқа бөлініп, өзара сайысқа түсті. Сайыс барлығы үш кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде студенттер танымал корей телехикаялары мен фильмдеріне қатысты сұрақтарға жауап берсе, екінші кезеңде корей мәдениеті мен тарихына қатысты тапсырмалар орындады. Шешуші, үшінші кезеңде әлем жастарының ыстық ықыласына ие болған К-ПОП әртістері мен әндеріне қатысты сұрақтарға жауап берді. Нәтижесінде 104 балл жинап, озық шыққан “Йорым” тобы жеңіске жетті. Сайысқа қатысқан және ұйымдастыруға қатысқан барлық студенттерге сыйлықтар табысталды.

Ары қарай оқу >>

Корейтану апталығы

15.03.2022

Наурыздың 14-18 аралығында ҚазҰУ, Шығыстану факультеті, Қиыр Шығыс кафедрасында "Корейтану апталығы" өткізіледі. Соған орай 14 наурыз күні сағат 18:00де 541 аудиторияда 1-2 курс студенттерінің қатысуымен "Біз Корея мен Қазақстан жайлы не білеміз?" атты викторина өтеді.

Ары қарай оқу >>