Киото университетінің профессоры Сома Такуямен кездесу

15.09.2022

Көрулер: 749

Профессор Сома Такуя - Моңғолия мен Орталық Азия елдерінің көшпелі өмір салтын ұстанатын халықтарын зерттеумен айналысатын жапондық ғалым. Осы жолғы Қазақстанға келген сапарында кафедраның жапонтанушы мамандарымен кездесіп, болашақтағы бірлескен зерттеулер мүмкіндігі туралы өзара талқылау өтті. Сонымен қатар кафедраның магистрант-докторанттарына арнайы көшбасшы дәріс оқып, өзінің ғылыми ізденістері және соңғы ғылыми зерттеу жобалары жайлы ақпарат бөлісті.

            Кездесу соңында екі тарап арасында бірлескен зерттеулер мен студенттердің ғылыми ізденістерін тереңдету мақсатында екіжақты меморандум (MOU) алмасу туралы келісілді.