Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де ҚР ҰҒА академигі Е.Е. Ерғожиннің туғанына 80 жыл толуына арналған «Ғылым, білім, инновациялар: әлемдік трендтер және аймақтық аспектілер» атты Халықаралық симпозиум мен Е.Е. Ерғожин атындағы Ғылыми Кеңес

05.12.2021

Көрулер: 1654

Симпозиумды «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ» КеАҚ Басқарма төрағасы – Ректоры Ж.Қ. Түймебаев ашты. Ол симпозиум жұмысының басталуына, сондай-ақ оның аясында Е.Е. Ерғожин атындағы Ғылыми Кеңес Мәжіліс Залының ашылуына байланысты қатысушылар мен қонақтарға құттықтау сөз сөйледі және ҚазҰУ-да «Ғибратты ғұмыр» сериясында жарық көрген «ЕДІЛ ЕРҒОЖИН» кітабының тұсауы кесілді.

Халықаралық симпозиумның ашылу салтанатында еліміздің көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, жетекші университеттер мен ғылыми орталықтардың басшылары: ҚР Парламенті Сенатының депутаты, ҚР ҰИА Президенті, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, ҚР ҰҒА академигі Б.Т. Жұмағұлов; ҚР БҒМ Ғылым комитетінің төрағасы Ж.Д. Құрманғалиева; ҚР Парламенті Сенатының депутаты, ҚР ҰҒА академигі, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі А. Нұхұлы; мемлекет және қоғам қайраткері О.Н. Өксікпаев; Қазақстан-Британ техникалық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры М.Т. Ғабдуллин; ҚР ҰҒА Президиумының мүшесі, ҚР ҰҒА химия бөлімінің төрағасы, ҚР ҰҒА академигі Қ.Д. Рахимов; ҚР БҒМ ҒК «Жану проблемалары институты» ШЖҚ РМК ғылыми жетекшісі, ҚР Ғылым, техника және білім беру саласындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты З.А. Мансұров; «Металлургия және кен байыту институты» АҚ Бас директоры, әл-Фараби атындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Б.К. Кенжалиев; «Ә.Б. Бектұров атындағы Химия ғылымдары институты» АҚ Бас директоры Д.Е. Фишер құттықтау сөздерін сөйледі.

Ашылу салтанатындағы құттықтау сөздерінде Е.Е. Ерғожиннің бүкіл өмірі, оның ғылыми-педагогикалық және қоғамдық қызметі біздің елімізде талантты, дарынды, еңбекқор және мақсатқа ұмтылған адамның ғылымда қандай биіктерге қол жеткізе алатындығының жарқын мысалы болып табылатыны атап өтілді. Ұлы зерттеушінің таланты, таусылмайтын энергиясы, үлкен еңбекқорлығының арқасында ол 33 жасында – ғылым докторы, 42 жасында – корреспондент-мүше, 48 жасында – ҚазКСР Ғылым академиясының академигі болды.

Өз ісіне жан-тәнімен беріліп, ізгілік пен телегей теңіздей білімін кейінгі ұрпақтың ой-санасына сіңіре білген, өнегесі мол ғалым Еділ Ерғожаұлының бүгінде мыңдаған шәкірттері отандық ғылымды дамытып, ел болашағы үшін еңбек етуде. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың химия және химиялық технология факультетінде Ғылыми Кеңес Мәжілісінің Залына Еділ Ерғожаұлының есімінің берілуі болашақ ұрпаққа мәңгілік өнеге болып қалады.

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың органикалық заттар,

табиғи қосылыстар мен полимерлер химиясы және

технологиясы кафедрасының меңгерушісі,

х.ғ.д, профессор, ҚР ҰИА акдемигі                                                Г.А. Мун

Программа симпозиума для сайта.pdf