Қазақстан-Қытай бірлескен дәрілік заттар зертханасының ашылуы

28.11.2019

Көрулер: 2533

Қытай Ғылым академиясының Синьцзян техникалық физика-химиялық институтымен бірлескен зертхананың міндеттерін орындау үшін Қытай Ғылым академиясының дәрілік заттарды зерттеу мен әзірлеудің Орталық Азия орталығының әлеуетін дамытады және олармен бірге бірлескен зертхананың қызметін кеңейтеді. Жұмылдырылатын ғылыми-зерттеу институттары:

- Шанхай медициналық материалдар институты, ҚХР ғылым академиясы;

- Далян химия және физика институты, ҚХР ғылым академиясы;

- Куньмин ботаникалық институты, ҚХР ғылым академиясы;

- Ланчжоу физика және химия институты, ҚХР ғылым академиясы.

Бірлескен зертхананы ұйымдастырудың мақсаты дәрілік препараттарды әзірлеу бойынша институттар мен әлемдік ғылыми жетістіктердің әлеуетті мүмкіндіктерін пайдалана отырып, ҚХР мен Қазақстанда сұранысқа ие жаңа бірегей және генерикалық дәрілік препараттарды жасау болып табылады.

Қазақстан - Қытай бірлескен дәрілік өсімдіктерді зерттеу зертханасы жергілікті шикізат пен білім негізінде Қытай мен Қазақстанда кең таралған ауруларды емдеу үшін қауіпсіз және тиімді фитомедициналық өнімдерді әзірлеу үшін озық іргелі зерттеулермен айналысатын болады.

Зертхана сондай-ақ жергілікті және әлемдік нарықтарда өсімдік қоспаларын әзірлеу бойынша мақсатты жобалармен жұмыс істейді. Зертхана зерттеу мәдениетін қалыптастыруға және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Қытай ғылым академиясының Синьцзян физика-химиялық техникалық институтының ғылыми бейінін жақсартуға үлкен үлес қосады.

Зертхананың ашылу салтанаты 2019 жылы 26 қарашада әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің химия және химиялық технология факультетінде өтеді.