Ғылыми метрия және қоғамның ғылыми-технологиялық дамуын басқару

03.04.2019

Көрулер: 2566

Жиын барысында қазақстандық ғалымдар, ғылыми ұйымдар мен журналдардың маңызды ғылыми өлшемдері, сонымен қатар мемлекеттің халықаралық рейтингтердегі дәрежесін көтеру мәселелері талқыланды. әл – Фараби атындағы ҚазҰУ құрылымдық бөлімшелері мен қызметкерлерінің индикативтік көрсеткіштерін орындау барысына сараптама жүргізілді. SciVal (Elsevier) және InCites (ClarivateAnalytics) жүйелерінің ғылыми өлшемдегі зерттеу жұмыстарын жүргізудегі мүмкіндіктері қарастырылды.

Келесідей проблемалар қарастырылып, талқыланды:

-                       күмәнді журналдардағы қазақстандық ғалымдар мен Ph.D. докторанттардың мақалаларының үлес салмағының жоғары болуы;

-                       Scopus және Web of Science базаларында қазақстандық мақалалардың аздығы және оларға сілтеме жасау дәрежесінің төмендігі;

-                       мықты журналдарда университет қызметкерлерінің (НУ басқалары) мақала шығару дәрежесінің төмендігі;  

-                       мықты журналдарға қазақстандық ғалымдардың мақала шығаруға деген ұмтылысының төмендігі;

-                       SciVal және InCites құралдарын ғылымды басқару саласында аналитикалық зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында жеткілікті дәрежеде қолданбау.

Секция қатысушыларының ұсыныстары:

-                       Кенесов Б.Н. ұсынған «мансаптық баспалдақ» үлгісін шешім шығаруда қолдану;  

-                       бірінші квартиль журналдарындағы мақалалар үшін сыйақы мөлшері мен рейтинг баллын жоғарлату, ал 4 квартиль журналдарындағы мақалалар үшін төмендету;

-                       әртүрлі саладағы дәреже, атақ және жобалар үшін қойылатын талаптардың сәйкесінше әртүрлі болуы;

-                       Кенесов Б.Н. ұсынған ғалымдар рейтингін әртүрлі салалар бойынша бөлектеп, қажет деп таныған адамдарға көрсету;

-                       мақала со – авторларының ретін анықтау және корреспонденция үшін автор тағайындауға қатысты нұсқаулықты дайындау және тарату;

-                       ғылыми журнал таңдауға арналған нұсқаулықты дайындау және тарату;

-                       ғылымның дамуының жаңа бағдарын және проблемаларын анықтау мақсатында ғылыми өлшем бағытында жүйелі түрде зерттеу жұмыстарын жүргізу;

-                       Scopus және Web of Science базаларына қазақстандық журналдарды енгізу бағытндағы жұмыстарды үздіксіз орындау;

-                       факультет және кафедра жетекшілерін қызметкерлердің жариялымдық белсенділіктерін бағалай алу мақсатында SciVal және InCites жүйелерінде жұмыс атқара алуға үйрету.