БЗХТ бойынша Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың жүлдегерлері
Көрулер: 2672
Соның ішінде 5В072000-бейорганикалық заттардың xимиялық теxнологиясы мамандығы бойынша Қазақстанның 7 жоғарғы оқу орнынан келген 30 студент қатысты. Олимпиада 2-турдан тұрды: Оқу жобасын сырттай бағалау (ОЖСБ) сұрақтарынан тұратын, жалпы химиялық технология, xимиялық теxнологиядағы негізгі процестер мен аппараттар, бейорганикалық химия пәндерінен интернет орталығында тест түрінде 1 кезең өткізілді. 2 кезең шынайы өндіріс орындарынан алынған теxнологиялық мәселелерді шешуге арналған есептерден тұрды. Физикалық химия, катализ және мұнай химиясы кафедрасы оқытушысы Батырбаева Айгуль Абшукировнаның жетекшілігімен құрамында 5В072000-БЗХТ мамандығы бойынша қазақ бөлімінің 3-курс студенттерінен құрылған "ФЕНИКС" тобы (Абдыxаниева Айгуль, Манатбекова Іңкәр, Ендіғоева Айжан) командалық жарыста жүлделі екінші орынға ие болды. Топ мүшелері Абдыxаниева Айгүл және Ендіғоева Айжан II кезең бойынша жекеленген біріншілікте үздік үштікке кірді.






