Факультет оқытушысы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті-Елбасы қоры сыйлығының иегері атанды

21.02.2018

Көрулер: 3699

2018 жылдың 16 ақпанында Астана қаласындағы Назарбаев орталығында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті-Елбасы қоры сыйлығының иегерлерін марапаттау шарасы өтті. 2017 жылдың қорытындысы бойынша «Химия, технология, техникалық ғылымдар» бағыты бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың органикалық заттар, табиғи қосылыстар және полимерлер химиясы мен технологиясы кафедрасының аға оқытушысы Нұрпейісова Жансая «Медицинада қолдану үшін композициялық гидрофильді полимерлі материалдар алу» жұмысы үшін сыйлық иегері атанды. Әріптесімізді сыйлығымен құттықтап, шығармашылық табыстар тілейміз!