Жаңалықтар

Физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасының 1-курс магистранты Хасанова Ақерке «Жылдың жас ғалымы - 2022» атанды

10.10.2022

Қазақстандағы «Жалпыұлттық «Бөбек» қозғалысы ғылыми конгресі жыл сайын ұйымдастырып өткізіп келе жатқан «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы «Үздік жас ғалым – 2022» «VІ Халықаралық кітап басылымдары конкурсының қорытындысы шығарылды. Оған еліміздің көптеген жоғары оқу орындары мен Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Беларуссия және басқа республикалардан магистранттар, оқытушы-ғалымдар ғылымдағы өздері таңдаған сала бағыттары бойынша ғылыми зерттеу жұмыстарымен қатысқан болатын.

Елордамызда өткен биылғы «Жылдың жас ғалымы - 2022» атағына ілігіп, конкурстың арнайы дипломы мен медаліне ие болып, куәлігін алғандардың қатарында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Химия және химиялық технология факультетінің 1-курс магистранты Ақерке Серікқалиқызы Хасанова да бар. Конкурстың қорытындысы бойынша, «Бөбек» ғылыми журналында оның «Ақылды кеніштердің мұнайгаз өндірісі технологиясындағы маңызы» атты ғылыми мақаласы жарық көрді. Жұмыстың ғылыми жетекшісі – философия докторы PhD, университетіміздің Химия және химиялық технология факультетінің доцент м.а. ұлағатты ұстаз-ғалым Идеят Болатұлы Игембаев. Бұл жеңіс біздің университетіміз үшін де үлкен жетістік.

Ары қарай оқу >>

ЖШС "VIVA Pharm" фармацевтикалық компаниясында өндірістік практика

10.10.2022

"6B07201 - фармацевтикалық өндіріс технологиясы" білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері өндірістік практикадан өту кезінде Қазақстан Республикасының ең ірі фармацевтикалық дистрибьюторларының ондығына кіретін ЖШС "VIVA Pharm" фармацевтикалық компаниясына барды.

Ары қарай оқу >>

ҚР БҒМ АР08052780 "Гидрофильді полимерлер негізінде жаңа қынаптық дәрілік нысандарды алу технологиясын әзірлеу"

07.10.2022

Жақында химия саласы бойынша 2022 жылғы Нобель сыйлығы АҚШ-тың екі ғалымына Carolyn R. Bertozzi мен K. Barry Sharpless, сондай-ақ даниялық ғалым Morten Meldal "Клик химиясы мен биоортогональді химияны дамытқаны" үшін беріледі деп жарияланды. "Клик-химия" - катализаторларды, улы органикалық еріткіштерді және ерекше талап етілетін реакция жағдайларын барынша аз пайдалана отырып, шашыраңқы молекулаларды біртұтас тұтастыққа қосудың тиімді және жылдам синтетикалық әдістерін әзірлеуге арналған химия саласы. Біз ұшақта өз орнымызды алып, белдіктермен бекіткендей, клик-химияның көмегімен молекулаларды бір-біріне "бекітіп" қоюға болады.

Ары қарай оқу >>

ИЗМИР ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫМЕН БАЙЛАНЫС

09.09.2022

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасының доценті Г.Ж. Жақсылықова мен аға оқытушылар Ф.М. Канапиева және Н.Ж. Құдайбергеновтер мен Измир технологиялық институты арасында ұзақ жылдар бойында байланыс бар. Измир технологиялық институтының ғалымдарымен тығыз ғылыми байланыстың нәтижесінде «7М07101 - Мұнайхимия» білім беру бағдарламасы магистранттары және «8D07101 - Мұнайхимия» білім беру бағдарламасы докторанттары ғылыми тағылымдамаларын сәтті өтуде.

Ары қарай оқу >>

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

08.09.2022

2022 жылғы 9 қыркүйекте сағат 14.00-де әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің химия және химиялық технология факультетінде «Люди – главная ценность нашей страны» тақырыбына ҚР Президенті Қ-Ж. Тоқаевтың 1 қыркүйектегі «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты жолдауын талқылауға байланысты дөңгелек үстел болып өтті.

Ары қарай оқу >>

2022 жылдың 28 мамыр күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, химия және химиялық технология факультетінде 61-ші Химиктер күні атап өтілді!

28.05.2022

Химиктер күні – химия және мұнай-химия өнеркәсібі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі, ол өз тарихын кеңес дәуірінен бастайды және мамырдың соңғы жексенбісінде атап өтіледі.

Оны мамыр айының соңғы жексенбісінде атап өту дәстүрі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың химия және химиялық технология факультетінде де сақталған.

Дәстүр бойынша бұл күні мерейтой түлектері– 50, 40, 30, 25, 20, 10 жылдықтар келді.

Түлектер арасында көрнекті ғалымдар, табысты бизнесмендер мен мемлекет қайраткерлері бар.

Ауыр өнеркәсіптің негізгі салаларының қатарына кіретін химиялық кешен химия және мұнай-химия салаларын қамтиды, олар өз кезегінде көптеген салалар мен өндірістерге бөлінеді.

Ары қарай оқу >>

2022 жылдың 28 мамыр күні сағат 12:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың химия және химиялық технология факультетінің Б.А. Бірімжанов атындағы Үлкен химия залында (малахит залы) 61-ші Химиктер күні атап өтіледі.

24.05.2022

Мерекелік іс-шара концерттік-ойын-сауық бағдарламасын және химия факультетінің мерейгер түлектерін құттықтауды қамтиды.

Барлық химик-түлектерді, оқытушыларды, студенттерді, магистранттар мен докторанттарды шақырамыз!

Ұйымдастырушы: органикалық заттар, табиғи қосылыстар мен полимерлер химиясы және технологиясы кафедрасы.

Байланыстар: Гүлназ + 7 707 130 30 07

                        Әділет + 7 707 157 67 77

Ары қарай оқу >>

Химиктер күні-2022

17.05.2022

2022 жылдың 28 мамыр күні сағат 12:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың химия және химиялық технология факультетінің Б.А. Бірімжанов атындағы Үлкен химия залында (малахит залы) 61-ші Химиктер күні атап өтіледі. Мерекелік іс-шара концерттік-ойын-сауық бағдарламасын және химия факультетінің мерейгер түлектерін құттықтауды қамтиды.

Барлық химик-түлектерді, оқытушыларды, студенттерді, магистранттар мен докторанттарды шақырамыз!

Ұйымдастырушы: органикалық заттар, табиғи қосылыстар мен полимерлер химиясы және технологиясы кафедрасы.

Байланыстар: Гүлназ + 7 707 130 30 07

                            Әділет + 7 707 157 67 77

Ары қарай оқу >>

«8D07101 мұнай химиясы» мамандығының 3 курс докторанты Болд Амангуль «Д.И. Менделеев атындағы Ресей химия техникалық университетінде» тағылымдамада

05.05.2022

«8D07101 мұнай химиясы» мамандығының 3 курс докторанты Болд Амангуль «Д.И.Менделеев атындағы Ресей химия техникалық университеті» цифрлық технологиялар және химиялық инженерия факультетінің «Инновациялық материалдар және коррозиядан қорғау» кафедрасында шетелдік тәжірибеден өтуде.

Ғылыми жетекшісі: профессор Сасыкова Л.Р.

Ары қарай оқу >>