Жаңалықтар

"әл-Фараби ат. КазҰУ SPE "студенттік бөлімшесі жыл сайын болатын Каспий Техникалық Конференциясында

15.11.2022

2022 жылдың 15-17 қараша айында Астана қаласында "Al-Farabi Kazakh National University SPE Student Chapter"студенттік бөлімшесінің студенттерінің қатысуымен жыл сайын болатын Каспий техникалық конференциясы өтті. Биылғы жылы іс-шара спикерлер мен жоғары деңгейлі сарапшыларды қызықтыратын 19 пән мен 15 техникалық секцияны қамтитын кең техникалық бағдарламалар ұсынылды. Сала көшбасшылары мен техникалық сарапшылар мұнай-газ саласы туралы өз көзқарастарымен және түсініктерімен бөлісті, техникалық бағдарлама техникалық тақырыптардың кең ауқымын қамтыды. Денсаулық сақтау, қауіпсіздік және қоршаған орта саласындағы өкілдер мен мамандар қатысты. Зерттеу орталықтары, университеттер мен институттар қатысты. Конференцияның екінші күніңде 2022 жылғы өңірлік лауреаттарды марапаттау рәсімі өтті, оның барысында "Al-Farabi Kazakh National University SPE Student Chapter" студенттік бөлімшесі "Presidential award for outstanding student chapter 2022"марапатына ие болды. Бұл сыйлықты жыл сайын SPE ұйымының 400 студенттік бөлімшелерінен тек 5% - ы ғана алады. Конференция ұйымдастырушыларына сарапшылардың кездесулерін тиімді пайдалануға мүмкіндік бергені үшін зор алғысымызды білдіреміз. Сондай-ақ демеушілік жасағаны үшін "Almaty SPE Section" және "Шеврон" алғыс білдіргіміз келеді.

Ары қарай оқу >>

БІЗ ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАСТАРЫМЫЗ

15.11.2022

Кез келген мемлекеттің болашағы білімді жастар. Бүгiнгі жас – болашақ Қазақстанның жанды бейнесі. Бүгінгі жас – ертеңгі ел тізгінін ұстайтын тұлға. Бүгінгі алдыңғы толқын аға буынның орнын басар, ізін жалғастырар артында өсіп келе жатқан жастар екені даусыз. Еліміздің ендігі дамуы мен өркендеуі, келешегі жастарға тікелей байланысты. Әділетті Қазақстан идеясының түпкі мәні – осы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласындағы басты ұғым – әділеттілік. «Біз әділетті қоғам мен тиімді мемлекет құруды көздеп отырмыз. Кез келген істе әділдік қағидатын басшылыққа алсақ, бұған анық қол жеткіземіз деген. Осы мақсатта 15-қараша 2022 жылы Физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасының куратор-эдвайзерлерінің ұйымдастыруымен "Біз - әділетті Қазақстанның жастарымыз!" атты дөңгелек стөл өтті. Жауапты: Ешова Ж.Т., Жақсылықова Г.Ж., Үсіпбекова Е.Ж.

Ары қарай оқу >>

"League of chemists" дәстүрлі зияткерлік ойыны өтті

12.11.2022

Жақында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің химия және химиялық технология факультетінде физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасының профессор-оқытушылар құрамының ұйымдастыруымен "League of chemists" зияткерлік ойыны өткізілді. Бұл іс-шараның мақсаты физикалық химия саласындағы химиялық, химиялық-технологиялық және басқа да техникалық мамандықтар бойынша оқитын студенттердің зияткерлік деңгейін арттыру болып табылады.

Аталған шараға биыл Алматы қаласындағы бірнеше жоғары оқу орындарының өкілдерінің қатысқанын атап кету керек, ол:

1.           Жас Ломономовшылар", Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ,

2.           "SuperNova", Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ,

3.           "Фармацевтер", С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ,

4.           "SDUdents", С.Демирел атындағы университет,

5.           "Больцман", әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

6.           "Энтропия", әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,

Ойын бес турдан тұрды: “Бейне танысу”, “Бейне сұрақтар”, “Сөз тап”, “Блиц-тур”, “Тәжірибелік тапсырма”. Ұйымдастырушылық, тәртіптілік, ойыншылардың бірлігі, тапсырманың жылдамдығы мен сапасы, ойыншылардың белсенділігі, зейінділік, жауаптардың дұрыстығы мен анықтығы, химиялық сауаттылық, дәлелдей білу – бұл қатысушы командаларды бағалау критерийлер болып табылады.

Жарыс командалардың топ жетекшісімен және басшымен бірлесіп өз ЖОО-ның жайлы қысқаша бейне – таныстырудан басталды.

Бейне-сұрақтарды кафедраның оқытушылары мен профессорлары құрастырды, оларға қатысушылар екі минуттық талқылаудан кейін жауап берді.

Үшінші тур кезінде командаларға 4 сурет көрсетілді, олар суретті қорытындылайтын сөз тапты.

Ең қиыны – барлық қатысушылардың атынан Kahoot қосымшасы арқылы қойылған сұрақтарға жауап берген тек бір студент болды.

Сонымен, ҚазҰУ командалары ең ерекше және дәл жауаптарымен ерекшеленді. Бірнеше турлық тартыстан кейін, әділқазылардың шешімімен әл-Фараби атындағы ҚазҰУдың "Больцман" және "Энтропия" командалары сәйкесінше бірінші және екінші орындарды иеленді. Үшінші орынды С. Демирел атындағы университет студенттері қанжығасына байлады.

Ары қарай оқу >>

“Youth Chemistry Conference 2022” VI жыл сайынғы ғылыми конференциясында «Al-Farabi KazNU SPE» студенттік секциясының 2020 жылғы президентінің қатысуы

12.11.2022

2022 жылдың 12 қараша айында Назарбаев Университетінде жас студенттер мен мамандарға арналған фундаменталды, қолданбалы химия және химиялық инженерия саласында VI жыл сайынғы ғылыми конференция “Youth Chemistry Conference 2022” өтті. Ол химия мамандығының студенттері мен жас ғалымдар өздерінің зерттеу жұмыстарын таныстыра алатын және ғылымдағы перспективті бағыттарын талқылайтын платформа бола келеді.

Осы жылы конференция “Novel Approaches in Chemistry: From Fundamentals to Applications” тақырыбында өтілді. Студенттерден басқа, конференцияға жеке лекцияларымен шетелдік профессорлар қатысты.

Біздің әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дан физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасының «Химия» мамандығының 4 курс студенті, «Al-Farabi KazNU SPE» студенттік секциясының 2020 жылғы президенті Тимурқызы Ажар (ғылыми жетекшісікафедраның доценті Акбаева Д.Н.) қатысты. Ажар өз жұмысын криогельды матрицадағы инкасульденген спирттің каталазамен тотығуы тақырыбында иделярымен бөлісті. Ажар әрі қарай жұмыс істеу үшін көптеген инсайт пен ұсыныс қабылдады.

Ары қарай оқу >>

«7М07201-Мұнай-газ ісі» мамандығының магистранттары қос дипломдық бағдарлама бойынша Францияда білім алды

11.11.2022

«7М07201-Мұнай-газ ісі» білім беру бағдарламасы бойынша магистранттар Байжүнісов Кенжебек пен Махамбетов Ахат Францияның Лотарингия университетімен, Нанси қаласында қос дипломдық бағдарлама бойынша 10.09.2021 - 10.02.2022 аралығында білім алды.

Өздері атап өткендей, қос-дипломдық бағдарлама бойынша оқу барысында көп тәжірибе жинақтап, шетелдік курстастармен білім алмасып, арнайы бағдарламалық жасақтамамен жұмыс істеу дағдыларын жақсартып, сонымен қатар тілдік дағдыларын жетілдіріп және жақсы кәсіби дағдыларға ие болды.

Ары қарай оқу >>

ХИМИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ ФИЗИКАЛЫҚ ХИМИЯ, КАТАЛИЗ ЖӘНЕ МҰНАЙ ХИМИЯСЫ КАФЕДРАСЫ ПРОФЕССОР КАМАР АББАСТЫҢ ДӘРІСІНЕ БАРЛЫҚ ТІЛЕК БІЛДІРУШІЛЕРДІ ШАҚЫРАДЫ

08.11.2022

Профессор Камар Аббас - гибридті суперконденсаторлар, аккумуляторлық электродтар, нанопоратты көміртек, графен және 2D-материалдар саласындағы танымал ғалым.

«Nature Communications», «Carbon», «ACS Applied Energy Materials», «Materials Science and Engineering: R: Reports» сияқты жоғары импакт-факторлы журналдарда жарияланған 60-тан астам ғылыми еңбектің авторы. Ол 11 патенттің, «Каталитикалық кинетика» (Elsevier, 2015) және «Каталитикалық кинетика: химия және инженерия» (Elsevier, 2016) монографияларының авторы. Профессор Аббас 47-ден астам халықаралық конференцияда өзінің зерттеулерін пленарлық, негізгі баяндама немесе шақырылған баяндамашы ретінде ұсынды. Қазіргі уақытта ол екі австриялық жобаны басқарады. Сабақ кестесі қоса беріледі.

Ары қарай оқу >>

ФМП ҒЗИ, жаратылыстану ғылымдары және математика институты, Б.Н. Ельцин атындағы УРФУ Нанокластерлік Полиоксометаллаттардың функционалдық дизайны зертханасы меңгерушісі, х.ғ.к. К.В. Гржегоржевскийдің дәрісі.

03.11.2022

Гржегоржевский Кирилл Валентинович - химия ғылымдарының кандидаты, доцент.
Аға ғылыми қызметкер - Химиялық материалтану бөлімі.
Зертхана меңгерушісі - Нанокластерлік полиоксометаллаттардың функционалдық дизайн зертханасы.
Зерттеу саласы: фотокаталитикалық қосымшалар мен биоүйлесімді гидрогельдерге арналған Полиоксометаллаттардың (POM) және гибридті материалдардың Супрамолекулалық дизайны. Жұмыстың негізгі аспектілері органикалық бояғыштармен (ксантен және олигопирролдар: флуоресцеин, БОДИПИ, порфириндер) және әртүрлі сипаттағы молекулалармен (май қышқылдары, хош иісті қосылыстар, амин қышқылдары және т.б.) ковалентті КЕПЛЕРАТ ПОМ ансамбльдерін клик реакциялары арқылы алуға байланысты.
Ғылыми қызығушылықтар саласы:
- Супрамолекулалық химия;
- Беттің функционализациясы;
- Фотофизика және фотохимия;
- Тербелмелі спектроскопия.

Ары қарай оқу >>

АЛМАЛЫБАҚ ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ЛИЦЕЙГЕ БАРУ

01.11.2022

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, химия және химиялық технология факультеті, физикалық химия, катализ және мұнайхимиясы кафедрасы шақырылған проф. Қабар Аббас 2022 жылдың 1 мен 30 қарашасы аралығында электрохимиялық энергияны сақтау және химиялық материалдар туралы кең тақырыпта дәріс оқиды. Профессордың мол ғылыми-педагогикалық тәжірибесін ескере отырып, сонымен қатар Еуропаның әртүрлі университеттерінде химия және химиялық технология факультетінде осы негізгі тақырыптар бойынша дәрістер мен практикалық сабақтар өткізілді. Бұл дәрістер магистранттар мен докторанттарға, сонымен қатар профессорлық-оқытушылық құрамға бағыт-бағдар мен кеңестер беруге бағытталған.

Сондай-ақ профессор Алматы іргесіндегі жергілікті мектепке, әл-Фараби атындағы мамандандырылған Алмалыбақ лицейіне шақырылып, оқушыларға мотивациялық баяндама жасады. Оның өмірбаяны мен жетістіктерімен қысқаша таныстырудан кейін студенттер оның ғылыми жолы, халықаралық ғылыми ұжымдардағы өмірі және ғылыми ынтымақтастықтары туралы қызығушылықпен көптеген сұрақтар қойды. Олар сондай-ақ доктор Кабар Аббастың неліктен химияны оқу саласы ретінде таңдағанын сұрады, оған ол мектеп кезінде химияны ұнататынын айтты. Жалпы, бұл кккездесу мектеп оқушылары мен қызметкерлері үшін өте мазмұнды болды.

Біз профессорға ҚазҰУ-дың профессорлық-оқытушылық құрамының білім беру іс-шараларына қатысқаны үшін алғысымызды білдіреміз және одан әрі жемісті ынтымақтастықты күтеміз.

Ары қарай оқу >>

Профессор Тьерри Дженизиянның дәрісіне шақыру

01.11.2022

Құрметті студенттер, магистранттар, докторанттар және оқытушылар!

Сіздерді Ecole Nationale Supérieure des mines de Saint-Etienne (Франция) университетінен келген профессор Тьерри Дженизиянның (Thierry Djenizian) 2022 жылғы 2 қараша мен 27 қараша аралығында өтетін "Electrochemical power sources (EPS)" және Writing of scientific manuscripts" тақырыптары бойынша дәрістеріне шақырамыз.

Ары қарай оқу >>

ЖШС "Abdi Ibrahim Global Pharm" фармацевтикалық зауытына экскурсия

17.10.2022

Өндірістік практикадан өту шеңберінде "6B07201 - фармацевтикалық өндіріс технологиясы" білім беру бағдарламасының 3 курс студенттерінде ЖШС "Abdi Ibrahim Global Pharm"
фармацевтикалық зауытына экскурсия ұйымдастырылды.

Ары қарай оқу >>