Жаңалықтар

Республикалық білім беру ұйымдары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың Облыстық кезеңі

15.04.2023

3.02.23ж.-15.02.23ж. кезеңі аралығында Алматы қаласының РФММ базасында Республикалық білім беру ұйымдары (РББҰ) арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың үшінші (Облыстық) кезеңі өтті. Оған әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің доценті, химия ғылымдарының кандидаты Бадавамова Гүлжан Лукпанқызы ("Химия" пәні бойынша қазылар алқасының төрағасы) және ҚазҰУ-нің PhD докторанты Калыева А.Р. (қазылар алқасының мүшесі) қатысты.

Ары қарай оқу >>

Тәжірибе алмасу

15.04.2023

Осы аптада факультетіміздің қабырғасында 13.04.2023-15.04.2023 аралығында «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламасының студенттеріне физикалық химия пәнінен Ташкент фармацевтикалық институтынан келген әріптестері, фармацевтика ғылымдарының докторы, профессор Рахматуллаева М.М. және биология ғылымдарының кандидаты доцент Азимова Б.Ж. дәріс оқыды.

Ары қарай оқу >>

Онлайн кәсіптік бағдар беру кездесуі өтті

14.04.2023

14.04.2023 күні «Физикалық химия, катализ және мұнайхимиясы» кафедрасының ұйымдастыруымен онлайн форматта Қазақстанның біршама өңірімен (Қызылорда қаласы, Абай облысы, Жамбыл облысы, Алматы қаласы) «Кәсіптік бағдар беру» мақсатында конференция өтті. Бірнеше мектеп басшылығы мен оқушылар қатысып университет, факультетіміз және кафедралармен танысып, көкейлеріндегі сұрақтарға жауаптарын алды.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-нің үздік жас ғалымы - 2023

13.04.2023

Физикалық химия, катализ және мұнайхимиясы кафедрасының аға оқытушысы, PhD Жазира Супиева, “Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің үздік жас ғалымы - 2023” сайысының жеңімпазы атанды! Өзіңізге лайықты марапат құтты болсын! Сізге әрқашан ғылыми ортада зор табыс пен түрлі өзекті жобалардың және идеялардың жаршысы болыңыз деп тілейміз!

Кафедра ұжымы.

Ары қарай оқу >>

«CASE-IN» Халықаралық Инженерлік Чемпионаты студенттік лигасы Іріктеу кезеңі

12.04.2023

Сәуірдің 12 жұлдызында сағат 11 : 00 химия және химиялық технология факультетінде «CASE-IN» Халықаралық Инженерлік Чемпионаты студенттік лигасының Іріктеу кезеңі физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасының үйымдастыруымен өткізілді. Іріктеу кезеңінде Қазақстан Республикасының 5 универсетінен 7 команда қатысты: әл – Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, «Торайғыров университеті» ҰОҚ, М.Әуезов атындағы Оңтүстік – Қазақстан университеті, Қ.И.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті, Жәңгір хан атындағы Батыс – Қазақстан аграрлық – техникалық университеті.

Қазақ ұлттық университеті химия жәгне химиялық технология факультеті «Troil» командасы (Команда жетекшісі – PhD, физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасы доценті Тоштай Қайнаубек) жеңімпаз атанды. Команда Университетті Мәскеу қаласында 30 мамыр – 1 маусым аралығында өтетін финалда көрсету мүмкіндігіне ие болды.

Ары қарай оқу >>

«Технологияларды коммерцияландыру реакторы» мамандандырылған диалог алаңы

12.04.2023

2023 жылғы 12 сәуірде Ғылым күні аясында Ғылым қоры Астана халықаралық қаржы орталығының базасында «Технологияларды коммерцияландыру реакторы» мамандандырылған диалог алаңын ұйымдастырды.

Ары қарай оқу >>

Органикалық заттар, табиғи қосылыстар мен полимерлер химиясы және технологиясы кафедрасының Ашық есік күні

10.04.2023

Құрметті студенттер!

12.04.2023 жылы сағат 17.00-де Е.Е. Ерғожин атындағы Ғылыми Кеңес Мәжілісінің Залында органикалық заттар, табиғи қосылыстар мен полимерлер химиясы және технологиясы кафедрасының ашық есік күні өтеді! Кафедра туралы толығырақ ақпарат алғысы келетіндердің барлығы шақырылады.

Ары қарай оқу >>