Профессор Бақтыбаев Қырғызбайдың 90 жылдығы аталып өтті.

24.11.2022

Көрулер: 743

            Іс-шараға ҚР ҰҒА академигі Т.Ә. Қожамқұлов, физика-техникалық факультетінің деканы Н.Ә. Бейсен, кафедра меңгерушілері, профессор-оқытушылар құрамы, Бақтыбаев Қ. шәкірттері мен отбасы мүшелері және факультет студенттері қатысты. Дөңгелек үстел барысында Қырғызбай Бақтыбаевтың өмір жолы мен өнегелі істері ядролық ғылым даму перспективаларымен сабақтастырылып талқыланды. Ашаршылық, репрессиялар мен соғыс қиындықтарынан тайсалмай өтіп, ғылым мен білім шыңына жеткен ардақты ағамыздың тұлғасына тамсанған студенттер арасынан шабыттанған жас өрен оған арнаған өлең жолдарын оқыды.