Физика техникалық факультетінің деканы Нұрзада Бейсен және деканның ғылыми инновациялық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары Мөлдір Исанова Сатпаев университетінде өткен халықаралық конференцияға қатысты.

22.11.2022

Көрулер: 961

 

                 Конференция Web of Science Core Collection мәліметтер базасына сүйене отырып, және де Web of Science платформасындағы қызметтер арқылы ғылыми зерттеу жұмыстарын жасай отырып, Қазақстандағы ғылымды дамытуға негізделген.

                  Сонымен қатар, конференцияда сертифитаттау бағдарламасы қарастырылған. Clarivate сертификаттау бағдарламасы негізгі Web of Science ресурстарын пайдалануды, сондай-ақ ғылыми және метрикалық сауаттылық саласындағы сертификатталған мамандар мен сарапшыларды оқытуды қамтиды. Сертификаттау бағдарламасы ғылыми метрикамен, ғылыми басылымдарды дайындаумен, қызметкерлерді немесе олардың ұйымындағы студенттер мен аспиранттарды Web of Science Core Collection дерекқорының ақпарат көздерімен, ресурстарымен жұмыс істеу ережелеріне оқытумен айналысатын қызметкерлерге арналған. Оқу бағдарламасы қарқынды курс цикліне арналған және ең алдымен қатысушылардың Web of Science платформасы және InCites сияқты ғылыми метрика құралдары туралы білімін кеңейтуге бағытталған.