«ФАРАБИ ӘЛЕМІ» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы

27.01.2022

Көрулер: 2848

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің физика-техникалық факультеті 2022 жылдың 4-7 сәуір аралығында «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясын онлайн түрде өткізеді. Конференцияға студенттер, магистранттар және 35 жасқа дейінгі жас ғалымдар қатыса алады.

 

Конференция тілдері: қазақ, орыс және ағылшын.

Конференция материалдары бойынша электронды форматта арнайы жинақ шығарылып, факультет сайтына жүктеледі. Конференция қатысушылары үшін сертификат беріледі, ең үздік ғылыми баяндамалар дипломдармен марапатталады.

 

Конференция жұмысына қатысу үшін 2022 жылдың 20 ақпанына дейін регистрациялық форма, баяндама тезисі, ғылыми жетекші ұсынысы, бірегейлік жөнінде анықтама (www.antiplagiat.ru сайтынан немесе Univer жүйесінен) электрондық пошта арқылы таңдалған бөлімнің хатшысының электрондық поштасына жіберілуі тиіс.

Физика-техникалық факультеттің студенттері мен жас ғалымдары регистрациялық форма, баяндама тезисі, бірегейлік жөнінде анықтаманы (www.antiplagiat.ru сайтынан немесе Univer жүйесінен) секция хатшысына
20 ақпан 2022 ж. өткізеді.

2022_ИП_физтех_каз.docx