Ж.Ө.Өмірбековтың туғанына 80 жылдық мерей тойына және Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай жылсайынғы физика пәні бойынша Республикалық олимпиада

23.11.2021

Көрулер: 1883

2021 жылдың 26-қараша күні сағат 10.00 жылуфизика және техникалық физика кафедрасының доценті, ұлағатты ұстаз Ж.Ө. Өмірбековтың туғанына 80 жылдық мерей тойына және Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай жылсайынғы физика пәні бойынша Республикалық олимпиада оффлайн форматта өткізіледі.

Олимпиадаға тек орта мектептің 11-ші сынып оқушылары қатыса алады. Арнайы републикалық, облыстық, қалалық физика-математика мектептерінің оқушыларына қатысуға тиым салынады!

Әр білім ошағынан тек 2 оқушы қатыса алады (эпидемиялық ахуалға байланысты).

Олимпиадаға қатысушыларды тіркеу 2021 жылдың 24 қарашасына дейін жүргізіледі. Олимпиадаға қатысу үшін төмендегі анкетаны Rustem.Manatbayev@gmail.com электронды почтаға жіберулеріңізге болады. Байланыс телефоны: +77053003110 

 

Жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар табыс етіледі!

Ескерту! Олимпиадаға қатысушылар толық санитарлық режимді сақтауға міндетті.

 

 

Ұйымдастырушы:

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті физика-техникалық факультеті

жылуфизика және техникалық физика кафедрасы

Ж.Өмірбеков олимпиадасы 2021 -1.doc