2018-2019 оқу жылының Ең үздік тобы "Жылу энергетикасы 227 "

11.02.2019

Көрулер: 2624

Физика-техникалық факультетінде "Сұңқар" студенттер мен магистранттар кәсіподағының ұйымдастыруымен оқу жылының "Ең үздік тобы" анықталды. Қатысуға өтінім берген 15 топтың ішінен, іріктеуге қатысқан топтарға 2 түрлі талаптар бойынша конкурс ұйымдастырылды. Нәтижесі бойынша, "Стандарттау және сертификаттау 175" тобы 3 орын (куратор Нурымов Е.К.), "Физика(білім) 245" тобы 2 орын (куратор Амренова А.У.) және "Жылу энергетикасы 227" тобы жүлделі 1 орын(куратор Рахат Б.Т.) иеленді.

 

Физика-техникалық факультеті атынан университеттік деңгейде өткелі отырған "Ең үздік студенттік топ 2019" байқауына қатысатын "Жылу энергетикасы 227" тобына сәттілік тілейміз! 

 

 

Жылуфизика және техникалық физика кафедрасы