"АНА ТІЛІ АРУЫ -2018": СТАНДАРТТАУ ЖӘНЕ СЕРТИФИКАТТАУ МАМАНДЫҒЫ СТУДЕНТІ СЕРИКОВА АИДА

09.12.2018

Көрулер: 3598

Ө.А.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында дәстүрлі «Ана тілі аруы» «Жігіт сұлтаны» - 2018 байқауы өз мәресіне жетті.

«Ана тілі аруы» «Жігіт сұлтаны» - 2018 атағы үшін 15 факультеттен 7 ару мен 7 сұлтан сынға түсті. Қатысушылардың барлығы да ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін, халқымыздың дәстүрін, тарихы мен мәдениетін жақсы білетінін және ардақ тұтатынын аңғартты.

Байқаудың Гран-приі және «Ана тілі аруы» атағына физика-техникалық факультетінің студенті Аида Серикова ие болса, тарих, археология және этнология факультетінің студенті Шымыр Райымбергенов «Жігіт сұлтаны» атанды. Байқаудың жеңімпаздарына  «Limon.kz» компаниясының арнайы жүлдесі – Түркістан қаласының тарихи мекендеріне жолдама сыйға тартылды.

 

Жылуфизика және техникалық физика кафедрасы