Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті-Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары арасындағы Универсиада чемпионы 2021 ж.

15.06.2021

Көрулер: 1538

2021 жылдың 4 мамыры мен 9 маусымы аралығында Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары арасында ХІ жазғы Универсиада өтті. Жарыс спорттың 30 түрінен еліміздің 60 жоғары оқу орны арасында өтті. Жарыс қорытындысы бойынша, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің құрама командасы Универсиаданың 7 дүркін көшбасшысы болды. Біздің спортшылар спорттық шеберліктерін және барлық спорт түрлерінде озықтықтарын көрсетті.

Орын алған Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының тізімі:

1 орын - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

2 орын – Х.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті

3 орын – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

4 орын – М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті

5 орын – Қорқыт-Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

6 орын – Д.Серікбаев атындағы Шығыс-Қазақстан техникалық университеті