«Ұлтымыздың ұлы ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлы» атты факультеттік іс-шара өткізді
Көрулер: 1841
07.09.2021 ж. медицина және денсаулық сақтау факультеті «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының 1-4 курс студенттерінің қатысуымен «Ұлтымыздың ұлы ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлы» атты факультеттік іс-шара өткізді. «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының 1-2 курс студенттерінің жауапты кураторы – Кошкимбаева С.А.
Қазақ халқының ХХ ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалыс жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, Ахмет Байтұрсынұлының өмір жолына арналған ақпарат айтылды. Өмірі мен қызметіне арналған видеороликтер көрсетілді. Репрессия құрбаны болған А. Байтұрсынұлының творчествосы мен тағдыры жайлы презентациялер көрсетілді. Ана тілімізді құрметтеуге, қадірлеуге, ұлттық санамызды, ұлттық болмысымызды сақтап қалуға шақыратын көркем сөздер мәнерлеп оқылып, видеороликтер көрсетілді. Конференцияның соңында факультеттің Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебінің директоры Даниярова А.Б. мен аға куратор Арынова Г.А. осы тұрғыда пікірлерімен бөлісіп, іс-шараға оң бағаларын берді. Факультеттік іс-шараны ұйымдастырушы куратор Кошкимбаева С.А. Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы туралы іс-шараны қорытындылап, қатысушыларға алғысын айтты.