Шетелдік ғалымдар Николай Вуков пен Марина Потемкинаның дәрісі
Көрулер: 2199







2021 жылы 13 желтоқсан күні әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының ұйымдастыруымен университеттің арнайы шақыруымен келген болгар ғалымы, София қаласындағы Болгар Ғылым Академиясы, Этнология және фольклористика институты, Этнографиялық музейінің «Вербальды дәстүрлер антропологиясы» бөлімінің меңгерушісі, PhD доктор, профессор Николай Вуков пен Г.И. Носов атындағы Магнитогорск Мемлекеттік Техникалық Университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Потемкина Маринаның көпшілікке арналған дәрісі болып өтті. Профессор Вуков «Тарих, жады, мұра: коммунистік дәуір және одан кейінгі кезең» тақырыбында сөз сөйлесе, профессор Потемкина «Антропологиялық өлшемдегі Екінші дүниежүзілік соғыс» атты тақырып төңірегінде ой қозғады.
Болгар және ресейлік ғалымдар өз сөздерінде екінші дүниежүзілік соғыс пен қырғи-қабақ соғысы барысындағы және одан кейінгі кезеңдердегі соғыс жағдайындағы тылдағы адамдардың күнделікті өмірі, тағдыры және тәжірибелері, сонымен қатар социалистік дәуір мен одан кейінгі уақыттағы ескерткіштер мен монументтердің мұрасы, олардың төңірегіндегі қоғамдық және ғылыми ойлар, тоталитарлық дәуірдің қаһармандары мен құрбандары сынды терең мәселелерге тоқталып, кең көлемде талқылады.
Кездесу өте жоғарғы деңгейде қызықты өтіп, қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырды.
Дәрістердің толық бейненұсқасы Тарих факультетінің Youtube арнасында жарияланды және онымен төмендегі сілтеме арқылы өтіп, тыңдай аласыздар.






