Факультет оқытушыларының ғылыми іс-шараларға қатысуы

29.03.2021

Көрулер: 1871

2021 жылы 24 ақпанда факультет оқытушылары, тарих ғылымдарының докторы, профессор С.А. Жакишева және тарих ғылымдарының кандидаты С.К. Удербаева тарих, археология және этнология институты ұйымдастырған ғылыми семинарға қатысты. Назарбаев Университеті Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінің доценті Никколо Пианчиола «Қазақстандағы үлкен ашаршылық: контекстуализация, салыстыру, тұжырымдамалау» тақырыбында негізгі баяндама жасады. Баяндамада 1931-33 жылдардағы Қазақстандағы үлкен аштықтың себептері талданды.