"Деректер ғылымы контекстіндегі тарихи зерттеулер: ақпараттық ресурстар, аналитикалық әдістер және цифрлық технологиялар" атты XVII Халықаралық ғылыми конференциясын өткізді.

18.12.2020

Көрулер: 1764

4-6 желтоқсан күні М. Ломоносов атындағы  ММУ – дің тарих факультетінде "Деректер ғылымы контекстіндегі тарихи зерттеулер: ақпараттық ресурстар, аналитикалық әдістер және цифрлық технологиялар" атты XVII Халықаралық ғылыми конференциясын өткізді. Конференция жұмысына дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының қызметкерлері С.А. Жакишева (ұйымдастыру комитетінің мүшесі), А. А. Жүнісбаева, к. ш. Әлімғазинов қатысты. Конференцияда квантитативті тарих және тарихи үдерістерді компьютерлік модельдеу; мәтіндік дереккөздерді компьютерлендірілген талдау; тарихи деректер қоры және ақпараттық ресурстар; тарихи зерттеулердегі желілік талдаудың әдістері мен технологиялары; тарихи геоинформатика; тарихи-мәдени мұра объектілерін 3D-қайта жаңарту; мұрағаттар мен мұражайлардағы ақпараттық технологиялар; кәсіби тарихи білім берудегі цифрлық ресурстар мен технологиялар сияқты кең ауқымды сұрақтар қарастырылды.

Жоғарыда аталған мәселелерге қызығушылық танытқандар үшін сілтемелер берілген:

Пленарлық отырыс - 1 (К.В. Воронцов; Л.И. Бородкин, М.С. Мироненко соавторларымен) - https://youtu.be/l8Yj6i0X91I

Пленарлық отырыс-2 (Л.И. Бородкин, В.А. Баранов; Е.М. Главацкая, Г.Т. Торвальдсен (Норвегия) - https://youtu.be/BdPtWJLWXfE

Пленарлық отырыс-3 (Питер Дорн (Голландия) - https://youtu.be/W1rgJjNky1U

Дөңгелек үстел «Тарихи статистиканың сандық деректері: оларды қалай тексеру және түзету керек?» - https://youtu.be/-ZQEZ6zFHss

«Тарихи информатика Data Science тұрғысынан» дөңгелек үстелі - https://youtu.be/2kT0mWAueDs

 Т.ғ.д., профессор С.А.Жакишева