Деректану және архивтану: зерттеулердің жаңа парадигмалары
Көрулер: 2763
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тарих, археология және этнология факультеті тарих ғылымдарының докторы, профессор Қ. Атабаевтың 70 жылдығына орай еске алуғаарналған «Деректану және архивтану: зерттеулердің жаңа парадигмалары» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізді.
Конференцияны әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігіне қарасты архив ісі және құжаттама Департаменті ұйымдастырды. Конференция Қазақстан тарихының деректануы шеңберіндегі өзекті әрі түйінді проблемаларды талқылау арқылы өз мақсатына қол жеткізді. Конференцияның бағдарламасы пленарлық мәжіліс және мына төмендегі міндеттерді шешуге бағытталған екі секцияның жұмысын қамтыды: Деректану және археографияның даму перспективалары; Ақпараттық қоғамдағы архивтердің рөлі.






