Жаңалықтар

"GOLDEN MIND" ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫ»

08.11.2018

Тарих, археология және этнология факультетінде "Golden mind" атты интеллектуалды сайыс өтті. Байқауға барлық мамандықтар командалары қатысты. Байқау барысында "Мұрағаттану, құжаттану" мамандығының 1 курс студенті Какимов Бауыржан біздің университеттің ең интеллектуалды студенттерінің бірі және финалист грамотасымен марапатталды.

Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасы
Дюсембекова Ж. К.

Ары қарай оқу >>

Ұлттық теңге – ел тәуелсіздігінің символы

07.11.2018

«Айналаңды нұрландыр!» жобасы аясында Қазақстан Республикасының ұлттық валюта күніне орай тарих және  физика - техника факультетінің 1-2  курс  студенттерінің қатысуымен  «Ұлттық теңге – ел тәуелсіздігінің символы!»  деген тақырыбында  дөңгелек үстел.

Ары қарай оқу >>

Қазақ тарихындағы батырлардың рөлі

07.11.2018

Қарасай батырдың туғанына 420 жыл толуына орай «Қазақ тарихындағы батырлардың рөлі» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Бұл конференцияда Қарасай батыр мен қазақ-жоңғар соғысындағы батырлардың ерлігі, ел қорғаудағы табандылықтары мен жанқиярлықтары баяндалды.

Ары қарай оқу >>

«Археология және этнология» мамандығы 1 курс студенттерінің мәдени демалысы

07.11.2018

«Археология және этнология» мамандығының 1 курс студенттері Мұхтар Әуезов атындағы театрға барып, «Бейбарыс сұлтан» қойылымын тамашалады. Қойылымды тамашалау студенттер үшін өте қызықты болды, әрі олар танымал актерларды көре алды. Сонымен қоса, студенттер қойылым мен Бейбарыс сұлтан тұлғасының тарихын салыстырып, тарихты өз көздерімен көргендей болды.

Ары қарай оқу >>

Елбасы жолдауы-білімге қолдау

06.11.2018

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2018 жылдың 5 қазанда жарияланған Жолдауын «География және табиғатты пайдалану» факультетінің 1 курс «География» мамандығы студенттерімен бірге «Елбасы жолдауы - білімге қолдау» тақырыбында талқылау сабағы.

Ары қарай оқу >>

Профессор О. Х. Мухатованың монографиясының тұсаукесері

05.11.2018

2018 жылдың 6 қараша күні Алматы қаласы Орталық мемлекеттік архивінде тарихғылымдарының докторы, профессор Оразгүл Хасенқызы Мұхатованың «Асылбек Сейітов– тарихта қалған із» атты монографиясының тұсаукесері өткізілді. Тұсаукесердің дөңгелекүстеліне Қазақстан Республикасы Президенті, Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалыққұжаттама архивтерінің директорлары мен орынбасарлары, Алаш арысы А.Ж. Сейітовтіңқызы Клара Асылбекқызы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетініңпрофессоры Т.Ә. Төлебаев, Архивтану, құжаттану және құжаттамалық қамтамасыз етумамандығының студенттері, С. Асфендияров атындағы ұлттық медицина университетініңдоценті, медицина ғылымдарының кандидаты А.Қ. Қаныбеков, жалпымедицинафакультетінің студенттері, Алматы қаласы №5 емханасының бас дәрігері, жоғарғы біліктідәрігер-ұйымдастырушы, ҚР денсаулық сақтау үздігі Г.А. Қамбарова қатысты.

Ары қарай оқу >>

Шарын шатқалына саяхат

04.11.2018

Тарих, археология және этнология факультетінің студенттері Археология, этнология және музеология кафедрасы «Археолог» үйірмесінің ұйымдастыруымен Алматы қаласынан 200 шақырым жерде орналасқан Шарын шатқалына саяхат жасады. Саяхат барысында факультет студенттері Шарын ұлттық паркінің табиғатымен танысты.

Ары қарай оқу >>

«Менің Кіші Отаным» жас тарихшылар республикалық интеллектуалдық конкурсы

03.11.2018

1-3 қараша аралығында тарих, археология және этнология факультеті «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығымен бірлесе отырып мектеп оқушылары арасында «Менің Кіші Отаным» жас тарихшылар республикалық интеллектуалдық конкурсын өткізді. Конкурсқа Қазақстанның барлық облыстарынан жиналған оқушылар қатысты.

Ары қарай оқу >>