Жаңалықтар

Дәстүрлі құндылықтар және радикалды идеология

20.11.2018

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Тариx арxеология және этнология факультетінің Қазақстан тариxы кафедрасының оқытушыларының ұйымдастыруымен "Дәстүрлі құндылықтар және радикалды идеология" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел барысында бүгінгі күнгі дәстүрлі құндылықтары мен азаматтарымыздың дінге деген көзқарасы, пікірі мен ойлары және елбасымыздың Руxани жаңғыру бағдарламалық мақаласының негізі болып отырған дәстүр мен дін тақырыбында сөз қозғалды.

Ары қарай оқу >>

Рухани жаңғыру және қазақ әдебиеті

16.11.2018

"Руxани жаңғыру" жобасы аясында  физика-теxникалық факультеті Физика астрономия мамандығының 1  курс студенттерінің қатысуымен  «Рухани жаңғыру және қазақ әдебиеті» деген тақырыбында  Моңғолия мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер, ақын, жазушы, т.ғ.к. Сұраған Рахметұлымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында әдеби туындылардағы физикалық көріністер, тәрбие, руxани байлық пен жастар бойындағы патриотизм мен екі елдегі білім саласындағы жетістіктер мәселелері аясында пікір алмасу болды.

Ары қарай оқу >>

Ұлттық теңге – тәуелсіздік белгісі

16.11.2018

«Айналаңды нұрландыр!» жобасы аясында Қазақстан Республикасының ұлттық валюта күніне ақпараттық технология факультетінің 1  курс  студенттерінің қатысуымен  «Ұлттық теңге – тәуелсіздік белгісі!»  атты іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара барысында студенттер баяндама көрғап, өз пікірлерімен бөлісті, қойылған сұрақтарға жауап берді.

Ары қарай оқу >>

Еуразия өркениеті " клубының отырысы"

15.11.2018

"Еуразия өркениеті" студенттік ғылыми клубының отырысы 15 қараша 2018 ж. өтті.
1 курс студенті Елеулова Айя "Аристотель мен Плутархтың Солон реформасын бағалауы" тақырыбында баяндама жасады.

Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасы
Мийманбаева Ф. Н.

Ары қарай оқу >>

Еңселі ел – елбасымен көрікті

12.11.2018

«Айналаңды нұрландыр!» жобасы аясында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті  күніне орай тарих және  физика - техника факультетінің 1-2 курс  студенттерінің қатысуымен өтетін «Еңселі ел  – елбасымен көрікті»  деген тақырыбында өтетін дөңгелек -үстел өтті

Ары қарай оқу >>

Сен қаншалықты классикалық әдебиетті білесің?

10.11.2018

«100-Кітап!» жобасы аясында   тарих және  физика - техника факультетінің 1-2  курс  студенттерінің қатысуымен өтетін «Сен қаншалықты классикалық әдебиетті білесің?»  деген тақырыбында өтетін  дебат 10 қараша күні сағат 14.00 де Ұлттық кітапхана Қазақстан залында өтті

Ары қарай оқу >>

«Кітапхана – руханият ордасы»

09.11.2018

ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру бағдарламасы аясында «Кітапхана – руханият ордасы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Кешке ҚР Ұлттық Кітапхана мамандары және ҚызПУ Кітапхана ісі мамандығының студенттері қатыстырылды.

Денгельбаева Н.Б.

Ары қарай оқу >>

Қазақ елі - батырлар елі

08.11.2018

«Айналаңды нұрландыр» бағдарламасы аясында жастар арасында патриотизмді насихаттау мақсатында №10 жатақхананың акт залында «Қазақ елі - батырлар елі» атты тарихи-патриоттық кездесу сабағы өтті. Студенттер қазақ-жоғар, Ұлы Отан және Ауған соғысындағы қазақ батырларының жанқиярлық ерліктерімен танысты.

Ары қарай оқу >>

Жастар қоғамның негізгі тірегі

08.11.2018

«Айналаңды нұрландыр» бағдарламасы аясында - Дүниежүзілік жастар күніне орай: «Жастар қоғамның негізгі тірегі» атты «География және табиғатты пайдалану» факультетінің 1 курс студенттерімен өтетін танымдық сабақ өтті. Студенттер еліміздегі жастар саясатына қатысты бірқатар мәліметтермен танысты

Ары қарай оқу >>

«Golden mind» интеллектуалдық сайысы

08.11.2018

Тарих, археология және этнология факультетінде 1 курс студенттерінің шығармашылық қабілеттерін ашу мақсатында «Golden mind» интеллектуалдық сайысы өтті. Сайыста әр мамандықтан бірнеше командалар қатысты. Интеллектуалдық сайыс барысында 1 курс «Археология және этнология» мамандығының студенттерінен құралған «Ақсүйек» командасы 1-орын алды.

Ары қарай оқу >>