TalTech университетіндегі ғылыми тағылымдама

20.12.2021

Көрулер: 376

08.12.2021 және 12.17.2021 аралығында AP09259851 «Қазақстандағы айналмалы экономиканың дамуы: әлеует, тенденциялар, перспективалар» жобалық тобының мүшелері Жидебекқызы А. мен Темербулатова Ж. Таллин технологиялық университетінде (TalTech) ғылыми тағылымдамадан өтті.Таллин технологиялық университеті (TalTech) – Эстониядағы мемлекеттік жоғары оқу орны. Университет өз қызметін 1918 жылы бастады. Таллин технологиялық университеті дәстүрлі түрде әлемдегі ең үздік университеттердің 5% қатарына кіреді.

Тағылымдамадан барысында орындалған іс-шаралар:

1) Эстонияның айналмалы экономиканы дамыту тәжірибесін зерделеу (негізгі құжаттарды талдау, шаралар мен тәжірибелерді зерделеу, айналым экономикасының даму барысын бағалау үшін қолданылатын көрсеткіштерді салыстырмалы талдау);

2) TalTech бизнес және менеджмент мектебінің айналмалы экономика бойынша зерттеулермен айналысатын жетекші ғалымдарымен кеңесу;

3) Айналмалылық қағидаттарын ұстанатын компания өкілдерімен кездесу;

4) Таллин технологиялық университетінің Бизнес және менеджмент мектебінің басшылығымен университеттер арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум жасасу мүмкіндігін талқылау.