"Ұстаз - ұлы тұлға"

04.10.2023

Көрулер: 507

2023 жылдың 3 қазанында 1 курс (К1, К2)  6В11301 Логистика ББ студенттерінің қатысуымен Ұстаздар күніне арналған мерекелік іс-шара өткізілді. Ұстаз әрбір жан үшін ерекше қастерлі де, қадірлі жан екені белгілі. Мерекелік шара  студенттердің оқытушыларға деген  құрметі мен сыйластығының үлгісі болды. Кездесуге студенттердің екі үлкен тобы қатысып, өз белсенділіктерін көрсетті. Басқосу өте қызықты әрі тартымды қалыпта өтті, университеттің тарихы баяндалып, білім шаңырағының жетістіктері айтылды. Мұндай тәрбиелік басқосулардың студенттер қауымын шығармашылық тұрғыдан дамытып, қабілеттерін шыңдап алға  ынталандыратыны сөзсіз.  Мереке барысында жастар өз білімдері мен біліктерін ортаға салып, ұстаздар қауымына құрмет көрсетті. Іс-шараның осындай жоғары деңгейде өтуіне  "Бизнес технологиялар" кафедрасының оқытушылары:  Ахметова З.Б.,  Турлыбекова Н.М. ,  Бейсенова М.У.,  Кажмуратова, А.К. Болтаева А.Ж. ерекше қолдау көрсетті. Осындай маңызды басқосулардың ұстаздар мен студенттер арасын байланыстырып, өзара сыйластықты арттыратыны хақ.