"әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің Экономика кафедрасының ғылыми жобалары БҰҰ ТДМ іске асыруға ықпал етеді"

04.10.2023

Көрулер: 461

БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын барлық елдер бүкіл әлемдегі адамдардың әл-ауқатын жақсарту жәнепланетамызды қорғауды күшейту үшін жүзеге асыратыныбелгілі

Осыған байланысты ЭжБЖМ Экономика кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы 9-шы ТДМ «Тұрақты инфрақұрылымды құру, тұрақты индустрияландыруға жәрдемдесу және инновацияларды ынталандыруқол жеткізуге белсенді үлес қосуда. Кафедрада ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2023-2025 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру шеңберінде АР19683020 "Еуразия өңіріндегі елдің инвестициялық тартымдылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін Қазақстан өңірлерінде бизнес-ортаны дамытудың жаңа құралдарын зерттеу" ғылыми-зерттеу жобасы іске асырылуда. Жобаның ғылыми жетекшісіРахматуллаева Динара Жақсылыққызы, Ph.D.

9-шы ТДМ сәйкес, шағын және орта кәсіпорындар(бүкіл әлем бойынша шамамен 90%) елді индустрияландыруды дамытудың ең маңызды факторы болып табылады және жаңа жұмыс орындарын ашады (бүкіл әлем бойынша 60% дейін). Оларды дамыту және қолдау үшін сапалы базалық инфрақұрылым, арзан қаржыландыру және сенімді логистика қажет. Сонымен қатар, жоба авторларының пікірінше, компаниялар үшін өз бизнесін дамыту, жаңа келісімдер жасасу, инвестициялар тарту және қосымша құн жасау үшін ашық және қолайлы орта маңызды. Осыған байланысты зерттеу авторлары Қазақстанның қалалары мен облыстарының бизнес-ортасын және инвестициялық тартымдылығын бағалау және дамыту үшін жаңа құралдарды әзірлейтін болады. Оларды енгізу Қазақстандағы іскерлік және инвестициялық ортаның ашықтығы мен болжамдылығын арттыруға, шағын және орта бизнес үшін тәуекелдер мен транзакциялық шығындарды азайтуға, олардың бизнесінің табыстылығын арттыруға мүмкіндік береді.