әл – Фараби ҚазҰУ-да ҚДББ/ББББ білім беру бағдарламаларын іске асыру

04.10.2023

Көрулер: 507

2023 жылғы 21 қыркүйектегі «Сапалы білім беру» тұрақты дамуының 4 мақсатын іске асыру шеңберінде сағат 11.00-де Халықаралық бейбітшілік күні аясында «ҚазҰУ-да ҚДББ/ББББбілім беру бағдарламаларын іске асыру вебинарыөткізілді»Вебинардың мақсаты жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары- серіктестерімен жұмыс істеу мысалында ҚазҰУ-дағы ҚДББ / ББББ-ын іске асыру туралы хабардар ету.

Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директорының орынбасары Мусинова АсельАхметовна құттықтау сөзін сөйледі. 

э.ғ.к., қауымдастырылған профессор, экономика және бизнес жоғары мектебінің «Бизнес-технологиялар» кафедрасының меңгерушісі Ахметова Зәуреш Болатханқызының әл- Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен РХДУарасындағы ынтымақтастық тәжірибесі: ҚДББ мысалындағы «Халықаралық маркетинг», «Халықаралық логистика» білім беру бағдарламалары туралы баяндамалары өтеқызықты болды. Қатысушылар қос диплом аясында жоғары білім беруді дамыту перспективалары туралы пікір алмасты. Сонымен қатар, қос дипломды іске асыру мәселелері талқыланған болатын. Нағыз пікірталас өтті.