«Тіл тірегіміз соғып тұрған жүрегіміз»

02.10.2023

Көрулер: 377

2023 жылдың 11 қыркүйек күні «Экономика» кафедрасы БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарын негізге алып, соның ішінде ұлттар арасында қарым-қатынастарды ұлғайту мәселелерін қарастыра отырып, 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдер күніне орай Тұрақты даму мақсаттарының бірі - сапалы білім беру мақсатында «Тіл тірегіміз соғып тұрған жүрегіміз» атты іс-шара өтті. Іс-шара барысында тілге байланысты қызықты ойындар, пікірталастар орын алып, «тіл – ең ұлы қару», «тіл – ең асыл құндылық», «тіл – ең керемет қатынас құралы» екендігі айтылды. Ұйымдастырушылар: Даулиева Г.Р., Иляшова Г.К., Тураров Д.Р.