№16 СТУДЕНТТЕР ҮЙІНДЕ КЕЗДЕСУ

28.09.2023

Көрулер: 265

21 қыркүйек, 2023ж. сағат 17.00 де Экономика және бизнес жоғары мектебі, №16 студенттер үйінің мәжіліс залында Факультет деканы, деканның оқу әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, кафедра меңгерушілері, аға куратор–эдвайзерлер және студенттердің қатысуымен Қазақстанның орнықты даму мақсаттарының «Денсаулық пен амандық»,«Сапалы білім беру» көрсеткіштері аясындауниверситетте, факультетте орындалуға тиіс, жасалып жатқан студенттерді әлеуметтік қорғауқолдау т.б. қызметтері, мәселелері сөз болды.Кездесуде Факультет деканы Бимендиева Лейла Абдрашқызы  аталған мәселелердің сапалы жүзеге асуына университетте, факультетте қажетті қызметтерді ұсынатын әлеуметтік қолдаушы,үйлестіруші басқару институттары (куратор эдвайзер мектебі, Студенттік өзін өзі басқару ұйымдары, әдеп кеңесі т.б. оқу, ғылым, мәдени іс-шараларға қатысты үйірмелер мен клубтар)әдістемелік түсіндірме құралдары (ҚазҰУ академиялық саясаты, Студенттердің ар-намыс кодексі,ҚазҰУ студенті туралы ереже т.б.) және қызметтік инфрақұрылымдар (СҚКО «Керемет», көп функционалды әл-Фараби кітапқанасы мен спорттық кешені, асқана  жатақхана, шұғыл жағдаяттық басқару орталығы т.б) бар екенін таратып айтты. Сондықтан біздің студенттеріміз осы мүмкіндіктерді орынды пайдаланып сапалы білім алып, бәсекеге қабілетті маман болуды мақсат ету керек. Бүгінгі дәуірде білім және ғылым дамудың іргетасы болуымен қатар, еңсесі биік елдермен терезесі тең мемлекет болудың күретамыры, алтын арқауы. Білім, ғылым бар жерде жетілу, кемелдену,  «орнықты даму» үрдісі бір сәтке толастамайды.

аға эдвайзер  И.О.Кулиев