Маркетинг мамандығының студенттері Республикалық пәндік олимпиадада 1-дәрежелі дипломға ие болды

28.09.2023

Көрулер: 375

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі ұйымдастырған Маркетинг бойынша XV Республикалық студенттік пәндік олимпиадада «Бизнес-технологиялар» кафедрасының «Маркетинг» БББ 3 курс студенттері  Айтжан Ақнұр, Сейітбек Балнұр, Тукаева Айдана өз білімдерін көрсетіп, 1-дәрежелі дипломға ие болды. Ғылыми жетекшілері: э.ғ.к., доцент Ахметова З.Б., аға оқытушы Турлыбекова Н.М.