Цукуба университетіндегі ғылыми тағылымдама

25.09.2023

Көрулер: 406

"Экономика" мамандығының екінші курс магистранты Балтабай Томирис Цукуба университетінде (Жапония) ғылыми-зерттеу тағылымдамасынан өту мүмкіндігіне ие болды. 17 ТДМ«Тұрақты даму үшін серіктестік» – БҰҰ 2030 жылға дейінгі кезеңге белгілеген тұрақты дамудың 17 мақсатының бірі.  

Бұл университет Жапонияның үздік 10 жоғары оқу орындарының қатарына кіреді. Магистрантқа ғылыми жетекші, Ауыл шаруашылығын зерттеуге маманданған профессор - Шигено Ричи бөлінді.

"Климаттың өзгеруі және оның азық-түлік қауіпсіздігіне әсері"тақырыбын зерттейді. Магистрант профессормен бірге бұл тақырыпты Қазақстан мен Жапонияға қатысты қарастырады. Зерттеуге магистрантқа "JASSO" стипендиясы бөлінді.