"KAZLOGISTICS" X- КӨЛІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЖАСТАР ФОРУМЫ

25.09.2023

Көрулер: 485

Биылғы жылдың 21 - 22 қыркүйек аралығында Жоғарғы оқу орындары арасында дәстүрлі түрде өтетін «KAZLOGISTICS» X- көлік қызметкерлерінің жастар форумы өтті. Алматы қаласында болған осы басқосу биыл да жоғарғы деңгейде болды. Маңызы жоғары форумға бірқатар оқу шаңырақтарының ең үздік әрі белсенді студенттері қатысып, бақтарын сынады. Білім мен білік тартысқа түскен додаға әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің “Логистика” мамандығының 4 курс студенттері де қатысты.  Жыл сайын осы шарада жүлделі орындар иеленетін, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың студенттері биыл да өз білімдері мен басымдылықтарын көрсетіп, форумның жоғары деңгейде өтуіне үлес қосты. Сонымен қатар форум аясында шағын футболдан, үстел теннисінен, шахматтан  спорттық жарыстар да жалауын желбіретті. Ақыл мен қабілет сынға түскен осы додаға Логистика мамандығы 4 курс студенттері де қатысып, жоғарғы деңгейдегі біліктіліктерін көрсетті.                                                                                                                                                          Форумның осындай жоғары деңгейде өтуіне Бизнес-технологиялар кафедрасының меңгерушісі Ахметова З.Б, оқытушылар  Абдикул Ш.Н, Болтаева А.Ж, Серікбаевтар С.К ықпал етіп, студенттерді ұйымдастырды. Форумға қатысушылар осындай маңызды шараны ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.