Тұрақты дамуды зерттеу гранты

08.09.2023

Көрулер: 338

 Тұрақты дамуды зерттеу гранты 

Mенеджмент кафедрасының профессорыэ.ғ.д., Адамбекова А.А. ғылыми жетекшілігіндегі жоба Қазақстан Республикасы ғылым және жоғары білім министрлігінің ғылыми дамудың басым бағыттары бойынша 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми қызмет нәтижелерін коммерцияландырудың перспективалық жобаларын гранттық қаржыландыру конкурсының қорытындысы бойынша қаржыландыруға алынды.

Зерттеу «Тұрақты дамудың үштұтас тұжырымдамасы (ESG): теңгерімді аймақтық даму контекстіндегі бизнес мүдделері» тақырыбынаарналған. Жоба бойынша бизнес пен аймақтық билік және басшылықтың ESG қағидаттарына берілгендік деңгейін бағалауға сонымен қатартұрақты даму үшін өңірлердің әлеуметін тиімді пайдалануға ұсынымдар әзірлеуге бағытталған.