Кәсіптік бағдар беру іс-шарасы

17.05.2023

Көрулер: 486

16-17.05.2023 ж аралығында Экономика және бизнес жоғары мектебі, экономика кафедрасының   оқытушылары Алматы қаласы бойынша №131, №29, №4, №24, №159 мектеп-гимназия, лицейлеріндегі осы жылғы бітіруші түлектерімен «Талаптыға жарқын жол!» кәсіптік бағдар беру іс-шарасын (офлайн, онлайн) өткізді. Іс-шара мақсаты: мектеп түлектерінің болашақ мамандық таңдау әрекетіне «Экономика» және «Цифрлық экономика» мамандықтары жайында және білім берудің қара шаңырағы ҚазҰУ-дың жетістіктері туралы жан-жақты кеңес беру болып табылды. Ұйымдастырушылар: Экономика кафедрасының меңгерушісі, профессор м.а. Даулиева Г. Р., кафедраның оқытушылары: Иляшова Г.К., Есенгелдиева Г. Т., Тураров Д. Р., Кулиев И.У., Табеев Т. П., Парманкулова И. С., Абылай А. Б.