Порту университетіндегі ғылыми тағылымдама

16.05.2023

Көрулер: 743

8.05-13.05.2023 ж. аралығында Экономика және бизнес жоғары мектебі деканының ҒЗЖ мен ХҚ жөніндегі орынбасары, PhD, доцент Жидебекқызы Ақнұр Порту университетінде (Португалия) AP09259851 «Қазақстанда циркулярлы экономиканы дамыту: әлеуеті, үдерістері, келешегі» жобасының аясында ғылыми тағылымдамадан өтті. Порту университеті әлемнің үздік топ-300 (QS-274) қатарына кіретін жетекші жоғарғы оқу орны. Тағылымдама барысында циркулярлық экономика мен қоршаған ортаны қорғауды басқару бойынша теориялық және жергілікті компаниялардың кейсіне негізделген тәжірибелік зерттеулер жүргізілді. Сондай-ақ екі университет арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.