Экономика ғылымдарының докторы Тұрғынбаева Ардақ Несіпбекқызының оқу құралы жарық көрді.

10.05.2023

Көрулер: 820

 

2023 жылдың сәуір айында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Менеджмент кафедрасының меңгерушісі, экономика ғылымдарының докторы Тұрғынбаева Ардақ Несіпбекқызының оқу құралы жарық көрді. «Ұйымдағы өзгерістерді бaсқaру» деп аталатын оқу құралы автордың бұрын 2017 жылы жарияланған екінші толықтырылған және жаңартылған басылымы болып табылады.

«Қазақ университеті» баспасынан шыққан қазіргі басылымда ұйымдық өзгерістердің заманауи тұжырымдамаларының мазмұны, бaсқaрудың үлгілері, әдістері және құрaлдaры қaрaстырылғaн. Ұйымдастырушылық өзгерістердің келесідей өзекті мәселелері зерттелді: заманауи ұйымдағы өзгерістердің мәні мен топтастырылуы, ұйымның сыртқы ортасы мен өзгерістерді стратегиялық таңдау, ұйымдағы өзгерістерге қарсы тұру әдістері, өзін-өзі оқытушы ұйым концепциясыұйымдық өзгерістерді басқаруда көшбасшылықты қолдану, бизнес үдерістерді реструктуризациялау мен реинжинирингілеу, корпоративті мәдениеттегі өзгерістерді басқару және т.б. 

«Ұйымдaғы өзгерістерді бaсқaру» оқу құрaлы басқару профиліндегі студенттерге, магистранттарға және  докторанттарға арналған. Оқу құралы соңында білімді тексеру үшін бақылау сұрақтары мен тестер,  глоссарий, кейстік тапсырмалар және ұсынылатын жаппай онлайн курстар берілген. Оқу құралыың қағаз нұсқасын әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасынан табуға болады.