Республикалық пәндік олимпиадада «Логистика» мамандығының студенті Тұрдалы Мерей 3 орын алды.

29-сәу-23

Көрулер: 536

25 сәуір 2023 жылы Көлік және логистика академиясында XV республикалық студенттік пәндік олимпиада «Транспорттық логистика» пәні бойынша өткізілді. Аталған олимпиадаға университетіміздің «Бизнес-технологиялар» кафедрасының «Логистика» мамандығының 3-курс 12 студенті қатысты. Олимпиада екі этаптан, офлайн форматта өтті және әр қала мен университеттерден келген студенттер қатысып бақ сынады. 1-кезең тестілеуден өтіп, 2-кезеңде кейс берілді. Олимпиада қорытындысы бойынша III орынға Логистика мамандығының 3-курс студенті Тұрдалы Мерей ие болды. Ғылыми жетекшілері: Шарапиева М.Д.- аға оқытушы  және Нурмагамбетова А.М.-оқытушы.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және оларға тек сәттілік тілейміз.