«Логистика» мамандығының студенттері Республикалық пәндік олимпиадада 3 орынға ие болды

28-сәу-23

Көрулер: 593

26 сәуір 2023 жылы Қ.И.Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетінде XV республикалық студенттікпәндік олимпиада «Транспорттық логистика» пәні бойынша өткізілді. Аталған олимпиадаға университетіміздің «Бизнес-технологиялар» кафедрасының «Логистика» мамандығының 3-курс студенттерінен құралған 2 команда «Divergents» және «Синергия» қатысып, 1-тур онлайн эссе жазу арқылы 2-турға жолдама алды. Екінші тур офлайн форматта Сатпаев университетінде өтті және әр қала мен университеттерден келген студенттер қатысып бақ сынады. 1-кезең тестілеуден өтіп, 2-кезеңде кейс берілді. Олимпиада қорытындысы бойынша III орынға және 60 мың теңге ақшалай сыйлыққа ие болған «Divergents» командасы студенттері: Ғаниқызы Аружан, Тохтар Лейла, Исмайилов Мұрат, ғылыми жетекшілері: Шарапиева М.Д.- аға оқытушы  және Нурмагамбетова А.М.-оқытушы.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және оларға тек сәттілік тілейміз.