Пікірталас клубы өз жұмысын бастады
24.04.2023
Көрулер: 1093
2023 жылдың 19 сәурінде, сағат 15.00-де академик Қ. Сағадиев атындағы аудиториядаЭжБЖМ-ның пікірталас клубы бірінші отырысынөткізді. Клубтың бастамашысы жәнеұйымдастырушысы "Менеджмент" кафедрасыныңпрофессоры Жұмамбаев Сейсембай Кәрімұлыболды. Клуб өз алаңында бір нешеуниверситеттердің экономистерін жинады. Клубтың бірінші отырысының спикері профессорСпанов М.У. болды. Ол әріптестерін "Қазақстанғастратегиялық серпіліс үшін, қайтадан "қарбарысына" айналуына қандай реформалар қажет?"тақырыпты талқылауға шақырды. Мәселе қатысушылар арасында белсенді пікірталас тудырды. Ғалымдар қазақстандық экономиканың даму перспективалары мен шешілуі қажет проблемаларға қатысты өз идеяларымен бөлісті.






