Дайындық курстарындағы талапкерлермен кездесу

24-сәу-23

Көрулер: 550

2023 жылғы 20 сәуірде сағат 15:00-де Экономика және Бизнес Жоғары мектебінің «Менеджмент» кафедра оқытушылары университеттің дайындық курстарында оқитын Ауғанстаннан келген болашақ талапкерлермен таныстыру кездесуін өткізді. Тәрбиелік сипаттағы «Лайықты жұмыс және экономикалық өсу» іс-шарасы БҰҰ-ның тұрақты дамуының 8 мақсатын «Қарқынды, толық қамтылған және тұрақты экономикалық өсуге, толық және нәтижелі жұмыспен қамтуға және барлығына лайықты жұмысқа жәрдемдесуге» бағытталған. Іс-шараныкафедраның доценті А.М. Смағұлов, "Инновациялық менеджмент" мамандығының 1-курс докторанты Қ.Нұртаева және "Мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандығының докторанты Р.Муслимов ұйымдастырды. Іс-шара барысында экономика және бизнес жоғары мектебіне дайындықтың түрлі бағыттары бойынша мамандар даярлау, сондай-ақ лайықты жұмыспен қамтамасыз ету мүмкіндіктері мен жолдары түралы сүрақтар қарастырылды және оның талапкерлердың болашағына ықпалы талқыланды.