XV Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың нәтежелері

21-сәу-23

Көрулер: 512

20 сәуір 2023 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Менеджмент» кафедрасы «Жаңа геосаяси және геоэкономикалық жағдайларда мемлекеттік басқару» тақырыбына «6В04101-Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламасы бойынша XV Республикалық студенттік пәндік олимпиаданы өткізді.

Олимпиаданың біріші турына барлық аймақтардан 18 командадан өтініш түсті. XV Республикалық студенттік пәндік олимпиада комиссиясы құрамы 8 команданы екінші турға іріктеп алды. Олар:

1. Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «PASSIONNER» командасы.

2. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің «МАНСАП» командасы.

3. Қорқыт-Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «ҒАСЫР «АЛЫПТАРЫ» командасы.

4. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің «ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ» командасы.

5. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «ӘДІЛЕТ» командасы

6. Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің «ЭЛИТИУМ» командасы.

7. Нархоз университетінің «FUTURE NARXOZ» командасы.

8.Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің «КОНГРЕСС» командасы.

Олимпиада 3 кезеңмен жүргізілді:             

1 кезең. Командалардың сәлемдесуі, олимпиада тақырыбына сәйкес дайындалған үй тапсырмасы, жобаны қорғау (максималды 20 балл);

2 кезең. Пәндік тестілеу (максималды 60 балл);

3кезең. Көшбасшылар сайысы викториналық сұрақ (команда капитандары) (максималды 20 балл).

XV Республикалық студенттік пәндік олимпиада комиссиясы құрамы:

Конкурс комиссиясының төраймы: Әбдіқадыр Мақпал Абайқызы – Алматы қаласы әкімдігінің Туризм басқармасының талдау және стратегия бөлімінің бас маманы.

Конкурстық комиссия төрайымының орынбасары: Тургинбаева Ардак Несипбековна – э.ғ.д., доцент, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Менеджмент» кафедрасының меңгерушісі.

Конкурс комиссиясының мүшелері: э.ғ.д., профессор Сансызбаева Г.Н., э.ғ.д., профессор Абралиев О.А., э.ғ.к., профессор м.а Смагулова Г.С.

Комиссия шешімімен келесі командалар жүлделі орындарға ие болды:

І-орын:

  1. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің «КОНГРЕСС» командасы. 

ІІ-орын:

  1. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің «МАНСАП» командасы.
  2. Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің «ЭЛИТИУМ» командасы

ІІІ-орын:

  1. Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «PASSIONNER» командасы
  2. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің «ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ» командасы
  3. Нархоз университетінің «FUTURE NARXOZ» командасы.