КОНФЕРЕНЦИЯ АЯСЫНДАҒЫ СЕМИНАР-УОРКШОП

15-сәу-23

Көрулер: 513

Әл-Фараби атынағы ҚазҰУ-дың Экономика және Бизнес жоғары мектебінде өткен «Жаһандық өзгерістер жағдайындағы тұрақты экономикалық даму парадигмасы: сын-қатерлер, салдар, мүмкіндіктер» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының екінші күні «Экономика» мамандығының 2 курс докторанты Қабылқайратқызы Рысжан «R дегеніміз не жәнеBiblioshiny қолданбасымен жұмыс» атты семинар-тренинг өткізіп, оқытушылар мен жоғарғы курс студенттеріне Scopus базасындағы үлкен көлемдегі деректерді өңдеу, статистикасын құру және графиктік талдау жасау туралы егжей-тегжейлі талқылау жүргізді. Семинар-тренингке қатысушылар бағдарламалау тілі мен қолданбаны жүктеуден бастап, оны толыққанды пайдалана отырып, зерттеу жасау жолдарын үйренді.