«КОМПАНИЯНЫҢ ЦИФРЛЫҚ ЖЕТІЛУІ DIGITAL-МАРКЕТИНГТІК ТРАНСФОРМАЦИЯНЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ РЕТІНДЕ» тақырыбында воркшоп өтті

14-сәу-23

Көрулер: 577

Жоғары технологиялар дәуірінде әркім максималды білімді игеруге тырысады. 

Бұл ретте өз ісінің тәжірибелі шеберлерінен, сондай-ақ кәсіпті жетік меңгерген жоғары дәрежелі мамандардан алынған мәліметтер ерекше құнды.

2023 жылғы 12 сәуірде ЭжБЖМ корпусында конференция жұмысы аясында «КОМПАНИЯНЫҢ ЦИФРЛЫҚ ЖЕТІЛУІ DIGITAL-МАРКЕТИНГТІК ТРАНСФОРМАЦИЯНЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ РЕТІНДЕ»тақырыбында воркшоп өтті.

Тәжірибеде дәлелденген білім, технологиялар, әдістемелер, сондай-ақ воркшоптарды өткізудің стандартты емес нысандары, сандық маркетинг бойынша маман Admixer Central Asia-да Google Marketing & Cloud Platforms командасының жетекшісі Сибгатулин Илнур ұсынды.

Admixer Central Asia-жергілікті сайттарға, қосымшаларға және технологияларға эксклюзивті қол жетімділігі бар Ғаламдық сайттар мен платформалардың медиа өкілі.

"Бизнес-технологиялар" кафедрасының студенттері мен оқытушылары жаңа білім алып, өздерінің шығармашылық әлеуетін ашты.