24.02.2023

Көрулер: 642

2023 жылғы 24 ақпанда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Бизнес технологиялар» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы мен М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті «Студент жастар: Қазақстанның тұрақты дамуының 17 мақсатының әлеуметтік-экономикалық компоненттері» тақырыбында бірлескен іс-шара өткізді. Студенттер өз сөздерінде Қазақстанның тұрақты дамуы саласындағы мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығын дамыту, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері және жұмысқа орналасу, жұмыспен қамту мәселелері. Іс-шара барысында студенттер түрлі сұрақтар бойынша пікір алмасып, ортақ тіл тапты, сондай-ақ тұрақты даму саласындағы (ТДМ) ынтымақтастықты одан әрі жалғастыру жөнінде шешім қабылдады.Ұйымдастырушылар: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Бизнес технологиялар» кафедрасының ПОҚ-ы.: Ахметова З.Б., Турлыбекова Н.М., Бейсенова М. У., Кажмуратова А. К., Болтаева А. Ж., «Маркетинг» мамандығының магистранттары Калымбетова А. М., Қаржаубаева К. А., «Логистика» мамандығының 3-курс студенттері;  М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті «Менеджмент және маркетинг» кафедрасының ПОҚ-ы.: Т. А. Айдарова, Ш. А. Қарабаева, А. Б. Жетібаева А.Б., «Менеджмент» және «Маркетинг» мамандықтарының 3 курс студенттері.