әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экономика және Бизнес жоғары мектебінде "Қаржы және есеп" кафедрасының ұйымдастыруымен Кенжеғали Әбенұлы Сағадиев атындағы аудиториянының салтанатты ашылуы өткізілді

21.02.2023

Көрулер: 702

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экономика және Бизнес жоғары мектебінде "Қаржы және есеп" кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, профессор Кенжеғали Әбенұлы Сағадиев атындағы аудиториянының салтанатты ашылуы өткізілді.

Салтанатты кеш қонақтары:

- Басқарма төрағасы – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы, 

- Алматы қаласы әкімінің орынбасары Нүсіпова Әсем Бекқызы,

- қазақ ғалымы, қоғам қайраткері «Тұран» университетінің ректоры Алшанов Рахман Алшанұлы, 

- «Нұрсұлтан Назарбаевтың білім қоры» қоғамдық қоры директорының бірінші орынбасары Мурзабекова Светлана Викторовна, 

- Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы Ахмед-Заки Дархан Жумаканович,

- қазақ ғалымы, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі Байзақов Сәбит Байзақұлы,

- экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Ермекбаева Баян Жүндібайқызы,

- экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Кишкенова Нагитай Абитаевна, 

- қазақстандық қоғам қайраткері. VII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Жамалов Аманжан МәкәрімұлыUIB Халықаралық бизнес университетінің ректоры Махметова Анар Мұсақызы,

- Кеңестік және қазақ мемлекет қайраткері, ғалым, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Еңбек Ері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шарманов Алмаз Төрегелдіұлы, 

- белгіл ғалым, фармацевтика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан медицинасы профилактикалық академиясының академигі Үшбаев Кеңес Үшбайұлы,

- физика-математика ғылымдарының кандидаты, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің ректоры Хикметов Асқар Құсупбекұлы.

Сонымен қатар салтанатты кешке Сағадиевтер отбасы мүшелері мен Кенжеғали Әбенұлының достары қатысқан болатын.

 

Ұйымдастырушылар: Экономика және бизнес жоғары мектебінің деканы Л.А. Бимендиева, "Қаржы және есеп" кафедрасының меңгерушісі А.З. Нұрмағамбетова және "Қаржы және есеп" кафедрасы.