Сидней Технологиялық университетінің профессоры Экономика және Бизнес жоғары метебінде қонақта болды
Көрулер: 862
2023 жылдың 20 ақпанында Сидней технологиялық университеті Бизнес мектебінің маркетингпрофессоры, PhD, Лиона Там әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Экономика және бизнес жоғары мектебінекелді. Лиона Там маркетинг және менеджментбойынша рейтингтік журналдарда ғылымимақалалардың авторы және тұтынушылық мінез-құлық пен бренд бойынша танымал сарапшы. Сапарбарысында Экономика және бизнес жоғарымектебінің деканы Л.А. Бимендиевамен және"Бизнес-технологиялар" кафедрасының меңгерушісіЗ. Б. Ахметовамен кездесу өтті. Бизнес-технологиялар кафедрасының меңгерушісі АхметоваЗәуреш "SMART - Marketing and Logistics" орталығының қызметі туралы айтып, профессордыорталықтың ғылыми жобаларымен таныстырды. Тараптар өзара тиімді ынтымақтастық жәнеуниверситеттер арасында тәжірибе алмасумәселелерін талқылады. Лиона Там жоғарықызығушылық танытып, Сидней технологиялықуниверситеті оқытушыларының әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да дәрістер мен шеберлік сабақтарын өткізугедайын екендігі туралы айтты.
Ахметова З.Б., Там Л., Қажмұратова Ә.К., КакитаеваЖ.Е.






