Қайырымдылық -қасиетті іс!

27.04.2022

Көрулер: 980

ҚазҰУ-дың  студенттерімен тәрбие және әлеуметтік бағыттағы жұмыстары білім беру ісінің  бастаулары екені сөзсіз. Бұл бағытта бірқатар тәрбиелік-әлеуметтік жобалар қызметі жүзеге асуда. Экономика жане бизнес жоғары мектебінде оқытушылар, студенттермен «Айналаңды нұрландыр» қайырымдылық жобасы аясында балалар үйіне барып қайтуды жоспарладық.

Сөйтіп қасиетті рамазан айының 27 сәуір күніата-ананың аялы алақанына зәру болған балаларға көлдің тамшысындай болса да көмек көрсетіп, қол созу ниетімен  Наурызбай ауданы Ақжар кентіндегі «Аманат» әлеуметтік балалар үйінің қамқоршы басшысына хабарласып   баратынымызды ескертіп,  рұқсат алдық. Сонымен, уақыт сәтімен балалар үйіне бардық. Алған базарлығымызды беріп, балалардың бала күлкісімен қуанышына бірге қуанып, нұрланып бір жаратушымыздан қуат алғандай болдық. Бұл рас, кім Алла ризалығы үшін бір жетімнің басынан сипаса, оның қолы тиген әр тал шашы сайын жақсылық болады деген сөз бар. Барлық жақсылықтар тек қайырымдылықтың, адамгершілік пен мейірбандықтың арқасында болады. Қайырымдылық қанат жайып, бірлігі мен сүйіспеншілігі  салтанат құрған елдің ғана болашағы баянды. Болашағымыз мәңгілік ел жолында осындай игі ісімізбен бақыт биігіне жете берейік!

 

Илияс Құлиев,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 

Экономика және бизнес жоғары мектебі