Студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» атты халықаралық конференциясы

29.03.2021

Көрулер: 1840

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экономика және бизнес жоғары мектебі 2021 жылдың 6 сәуірінде өтетін студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» атты халықаралық конференциясына қатысуға шақырады.


Конференцияға Қазақстан Республикасы мен шетелдің студенттері, магистранттары мен жас ғалымдарын қатысуға шақырамыз. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЭжБЖМ бағыты бойынша конференция тақырыбы – «Пандемиядан кейінгі әлем экономикасы: жас зерттеушілердің көзқарасы».


Конференцияда әртүрлі ғылым салалары, соның ішінде экономика ғылымдары бойынша теориялық, тәжірибелік және қолданбалы сипаттағы баяндамалар қарастырылатын болады.

 

Конференцияға қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі баяндамалар қабылданады.

 

Қатысушылардың баяндамалары 2021 жылдың 6 сәуірінде секциялық мәжіліс кезінде тыңдалатын болады. Конференция шеңберінде келесідей секциялар ұйымдастырылады:


  1. Қазақстан Республикасының пандемиядан кейінгі әлемде әлеуметтік-экономикалық түрленуі және трансформациясы
  2. Пандемия жағдайында қаржылық тетіктер мен есептік-талдамалық жүйесін дамытудың болмысы мен стратегиясы
  3. Пандемия жағдайында қаржылық тетіктер мен есептік-талдамалық жүйесін дамытудың болмысы мен стратегиясы
  4. Пандемиядан кейінгі жағдайда Қазақстанның экономикалық процестерін басқару және мемлекеттік реттеу