Ғылыми жобаларды гранттық қаржыландыру байқауының жеңімпаздары

10.03.2021

Көрулер: 1878

 

Экономика және бизнес Жоғары мектебінің ұжымы PhD Жидебекқызы Ақнұрды, экономика ғылымдарының кандидаты Әшірбекова Лаура Жалғасқызын және экономика ғылымдарының докторы Спанқұлова Лазат Сейтқазықызын ҚР БҒМ Ғылым комитетінің желісі бойынша 2021-2023 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру шеңберінде берілген қаржыландыруға арналған жобаларын мақұлдауымен құттықтайды және шығармашылық табыстар мен жоғары жетістіктер тілейді!

 

Жобалардың атауы:

  1. "Қазақстанда циркулярлы экономиканы дамыту: әлеуеті, үдерістері, келешегі" - ғылыми жетекшісі Экономика және бизнес Жоғары мектебі деканының ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық қатынастар жөніндегі орынбасары, PhD Жидебекқызы Ақнұр. 
  2. "Пандемиядан кейінгі кезеңде Қазақстан Республикасының әлеуметтік саласын мемлекеттік реттеуді күшейту" - ғылыми жетекшісі "Менеджмент" кафедрасы меңгерушісінің ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент м.а. Әшірбекова Лаура Жалғасқызы.
  3. "Дәрілік сақтандыруды енгізуді қолдауға дайын халық топтарын анықтаудың сандық әдіснамасын әзірлеу және Қазақстанда сақтандырудың осы түрінің қаржылық тұрақтылығын бағалау" - ғылыми жетекшісі Экономика және бизнес Жоғары мектебінің "Экономикалық зерттеулер орталығының" бас ғылыми қызметкері, ҚР БҒМ аккредиттелген зерттеушісі, экономика ғылымдарының докторы Спанқұлова Лазат Сейтқазықызы.


Ұлттық ғылыми кеңестің шешімі - https://www.ncste.kz/assets/uploadify/vyipiska-%E2%84%961.-10-03-2021-10-21-57.pdf